Табиғи балық майы.
Денсаулыққа пайдалы блог.
kz
ru
традиция здоровой жизни
Omega-3 Alhadaya
Блог
О компании
Error get alias
14.03.2022

Депрессия кезіндегі Омега-3 әсері: оның негізгі қасиеттері және пайдасы неде?

ДДҰ деректері бойынша Қазақстан халқының ересек тұрғындарының 4,4% депрессиямен сырқаттануға ұшыраған. Емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің арасында антидепрессанттар тобы қолданылады, бірақ олар қатаң түрде тек рецепт бойынша беріледі, көптеген қарсы көрсетілімдері бар және тәуелділікті тудырады.

Балама нұсқалардың бірі – Омега-3 май қышқылдары, құрамында синтетикалық қоспалар жоқ толығымен табиғи өнім, ол депрессиялық бұзылулардың алдын алуға көмектеседі және егер аурудың алдын алу мүмкін болмаса, денсаулықты қалпына келтіруді тездетеді.

Омега-3 дегеніміз не?

Omega-3 класына адам ағзасының үйлесімді дамуына арналған қажетті полиқанықпаған май қышқылдары (ПҚМҚ) жатады. Жалпы 15-тен астам ПҚМҚ белгілі, бірақ олардың барлық компоненттері денсаулық үшін бірдей маңызды емес. Келесі май қышқылдары негізгі болып саналады:

  1. ДПМҚ (докозагексаендік полиқанықпаған май қышқылы).
  2. ЭПҚ (эйкозапентаен қышқылы).
  3. α-линолен қышқылы.
  4. ДПҚ (докозапентаен қышқылы).
Депрессия кезінде Омега 3 ағзаға оң әсер етеді, өйткені ол жүйке жасушаларын жойылудан қорғайды. Ересек адам үшін ПҚМҚ-ның тәуліктік қажетті мөлшері 1,6-дан 2 граммды құрайды. Alhadaya Omega-3 капсулаларындағы әртүрлі ПҚМҚ қатынасы жақсы теңдестірілген, өйткені оның мөлшері табиғатпен үйлесімделген. Препараттың шикізаты - Ақ теңізде ұсталған ақсерке, препараттың құрамында синтетикалық заттар жоқ.

Балық майы аға буынға жақсы таныс, бұл сол Омега-3 тобы. Түсіндіре кетсек, Омега-3 - құрамы табиғи балық майынан тұратын жұмсақ желатин қабығы бар өнім.

Омега-3-тің депрессия кезіндегі пайдасы

Омега-3 депрессияны толық емдейттін дәрілік құрал болып табылмайды. Бірақ профилактика ретінде өте қажетті құрал. ПҚМҚ кешені метаболизмді ынталандырады, организмдегі дәрумендердің, микро-макро элементтердің толық сіңуіне көмектеседі. Препараттың келесі функциялары адамның психикалық денсаулығы үшін маңызды:
1
стресс гормондарының өндірілуін тежейді және серотонин өндірісін жеделдетеді;
2
жұмысқа қабілеттілікті күшейтеді және жалпы көңіл-күйді жақсартады;
3
ми мен жүйке жүйесін ынталандырады;
4
танымдық функцияларды жақсартады;
5
нейрондық дегенерацияның алдын алады.
Липидтік зат алмасуды реттейді, холестеринді төмендетеді, қан тамырларының қабырғаларын нығайтады, антиоксиданттық қасиеттері депрессиялық бұзылулардың алдын-алу және емдеу үшін де маңызды. Ағзадағы ПҚМҚ жеткілікті мөлшерде болса, депрессия сіз үшін қауіп төндірмейді.

Омега-3-ті қалай дұрыс таңдауға болады?

Нарықта ПҚМҚ бар қоспалардың көптеген заманауи ассортименті бар, оның ішінен таңдау жүргізу қиын. «Дұрыс» препарат жануарлар шикізатынан жасалуы керек, оның құрамында синтетикалық қоспалар мен зиянды қоспалар болмауы керек. Қоспада денсаулыққа оңтайлы ДГҚ мен ЭПҚ теңдестірілген қатынасы болуы керек. Шығарылу формасы да маңызды - сұйық түрдегі препаратты қабылдау және мөлшерлеу қиын, капсула түріндегі өнімді қолдану ыңғайлы және ондағы ПҚМҚ мөлшері қатаң анықталған. Капсулаларды қабылдау жағымсыз сезімдерді тудырмайды, сіз балықтың иісі мен дәмінен зардап шекпейсіз. Alhadaya Omega 3 өнімі аталған барлық артықшылықтарға ие.

Омега-3-ті қалай қабылдау керек?

Омега-3-ті курс түрінде 3-тен 4 айға дейін немесе үнемі қабылдауға болады. Егер сіз тәуліктік мөлшерден аспасаңыз, қоспаны күнделікті, ұзақ уақыт бойы тұтынуға болады.
1
Егер сіз препаратты сұйық түрде сатып алған болсаңыз, оның жарықта ыдырайтынын ұмытпаңыз, сондықтан оны қараңғы жерде тар мойны бар контейнерде сақтаңыз. Ауада балық майы тотығады.
2
Ересектерге арналған тәуліктік мөлшер 1,6-дан 2 граммға дейін құрайды. Қаптамада өнімдегі ПҚМҚ мазмұнын мұқият оқып шығыңыз.
3
Омега-3-ті таңертең немесе түскі уақытта, тамақтану кезінде қабылдаған дұрыс. Өнімнің майлылығы жоғары болғандықтан, оны таңертең қабылдаған дұрыс.
4
Егер сіз аптасына 2-3 рет майлы балықты жесеңіз, Омега-3 мөлшерін азайтуға немесе қабылдауды тоқтатуға болады.
5
Егер сіз өнімді Alhadaya сайтынан сатып алсаңыз, өнімді қабылдау жөніндегі ерекшеліктерді нақтылауға, емдеу курсы бойы сізге кеңес беретін жеке маман көмектеседі. Жағымды нюанс – Алматы және Қазақстанның басқа қалалары бойынша жеткізу тегін.
Депрессия кезінде ағзаға жағымды әсер етуімен қатар, Омега-3 жалпы емдік әсерге ие. Иммунитетті ынталандыру, бұлшықеттер мен сүйектерді нығайту, тері мен сүйектердің жағдайын жақсарту ересектер үшін ғана маңызды емес. Балаларға да ПҚМҚ қажет, бірақ аз мөлшерде. Омега-3-ті бүкіл отбасыңыз үшін алыңыз, ол көптеген аурулардың алдын алуға және өміріңізді сән мен мәнге толтыруға көмектеседі.
Omega-3
Omega-3 Alhadaya қабылдау курсы бойынша маманнан кеңес алуға тапсырыс беріңіз және алғашқы сатып алуға 10% - дан 30% - ға дейін жеңілдік алыңыз!

Сізді де қызықтырады

Ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз және блог жаңартулары туралы бірінші болып хабардар болыңыз

Біз Instagram желісіндеміз

  • +7 708 312 65 12
  • info@alhadaya.kz
  • Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 69
© ТОО "Alhadaya".
Барлық құқықтар қорғалған 2018-2022