Омега-3 бәрімізге танымал құрал. Себебі, оның негізгі құрамы болып саналатын балық майы аға ұрпаққа бұрыннан таныс. Дәмсіз майлы сұйықтық КСРО кезінде балалардағы рахиттің алдын-алу үшін кеңінен қолданылды. Ата-аналарға баланы бір қасық препарат ішуге көндіруге тура келетін, сауықтыру мақсатында балалар мекемелерінде де ол кеңінен қолданылды.
Заманауи Omega – 3 табиғи өнімін қолдану оңай - ол бейтарап дәмі мен иісі бар ыңғайлы желатин капсулалар түрінде шығарылады. Өнімнің құрамына қандай компоненттер кіретінін толығырақ қарастырайық.
- Эйкозапентаендік (ЭПҚ) полиқанықпаған май қышқылы – майлы балықтарда, балдырларда, моллюскаларда болатын препараттың құрамдас бөліктерінің бірі. Біздің рационға ЭПҚ-ын ақсерке және скумбрия, сардиналардан, нәлімнің бауырынан, жеуге болатын балдырлардан алуға болады. Сәбилер анасының емшек сүтінен ЭПҚ алады.
- Докозагексаендік (ДГҚ) полиқанықпаған май қышқылы, өсімдік майларында болмайтын құнды компонент. Оның үлкен мөлшерін теңіз балықтарының майынан алуға болады. ЭПҚ-мен бірге докозагексаен қышқылы жүрек-қантамыр жүйесінің, көру қабілетінің, мидың жұмысына және жүктіліктің қалыпты ағымына оң әсер береді.
- α-линолен май қышқылы, алдыңғы қышқыл түрлеріне қарағанда, өсімдік өнімдерінде кездеседі. Бұл қышқылдың қайнар көздері –зығыр, қыша, теңіз балдыры, соя майы, жаңғақтар. Көру орталықтарының, жүрек бұлшықетінің, қан тамырларының және терінің күйіне оң әсер етеді.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, Омега -3 класына ұқсас қасиеттерге ие гексадекатриен , стиорид, эйкозатриен, генейкозапентаен, докозапентаен, тетракозапентаен және низин май қышқылдары жатады.